Жеке сот сарапшылары қызметіне арналған тарификатор енгізу ұсынылды. Сот сараптамалары орталығының хабарлауынша бүгінде ондай сараптаманың нақты бағасы жоқ.
Әрбір жеке сарапшы өз тарифын белгілеген. Сондықтан саладағы заңға өзгерістер енгізіп осы мәселені бір жүйеге келтіру ұсынылды. Бұл туралы Сот сараптамасы жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Биыл 2026-2027 жылдарға арналған сот сараптамасы қызметін дамытудың Жол картасы бекітілді. Ол бюрократияны азайтуға, артық шектеулерді жоюға, сондай-ақ цифрландыру процестерін реттеуге бағытталған. Ал лицензия негізінде сараптама жасайтын тұлғалардың қызметіне бақылауды күшейту жоспарланып жатыр. Бүгінде салада 2578 қызметкерлер болса, соның ішінде 1232-сі сот сарапшысы. Оның ішінде сот медициналық, наркологиялық, психиатриялық сарапшылар болып бөлінеді.
Бақытжан Байтілесов, ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры:
- Қазір сот сараптамасын, жеке сот сарапшылар деп айтайық, Палатаға кірмей де сараптама қорытындыларын беріп жақан жағдай бар. Бұған жол бермеу жағдайында және Палаталар сол сарапшыларды бақылауға алу, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында Палатаға кіру қажет. Содан кейін барып жеке сот сарапшысы қызметін атқаратын болады.
Тегтер #Жеке сот сарапшылар #бақылау #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz