RU
Толық нұсқаға өту

Дәрігерлер мен студенттер сенбілікке шықты

27.04.2026, 21:26 31

Елордада «Астана Тазалық» мекемесі мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қызметкерлері және Кәсіптік-техникалық колледж студенттері сенбілікке шықты.

Науқан «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында өтті. Қатысушылар жүзден астам көшет егіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосты. Игі іс шеңберінде ұйымдар өзара меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта экологиялық мәдениетті дамытуға және елорданы абаттандыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру көзделіп отыр.

Альберт Есалиев, «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры:
- Жұмысшыларымыз, қызметкерлеріміз, қонақтарымыз келген кезде әдемі нәрсені көргеннен кейін ол әдемілікке, жақсылыққа, тазалыққа, сананың тазалығына тартады. Сондықтан біз айналамызды уәделетті түрде таза ұстауға көркем ұстауға тырысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz