RU
Толық нұсқаға өту

76 жастағы жиһанкез елге оралды

28.04.2026, 07:10 39

Иә, денсаулық - зор байлық. Біздің елде орташа өмір сүру үзақтығы 76 жасқа жетіп жығылады.

Мұның айқын дәлелі 76 жастағы қазақтың қара шалы Еуропаны жаяу аралап қайтты. Сәрсенбай ата үшінші наурызда бастаған сапарын 24 сәуірде аяқтады. Ұлытаулық ақсақал шетелге сапарын осыдан үш жыл бұрын бастаған. Алдымен Кавказ асып Түркияға барды. Бұдан кейін Алтай мен Моңғолия арқылы Қытай астанасына жетті. Биыл Кәрі құрлықты кезіп Парижді көрді.

Атақты жиһанкез елге оралды. Тек бір өкініші бар. Еуропаны бірге кезген сенімді серігі – арбасын құрбан еткен. Өйткені кәрі құрлықта тәртіп қатаң. Жаяу жүргінші үлкен жолмен жүре алмайды. Тар жолдарда арбамен жүру қиын. Осылайша, жоспарланған меже 2 800 емес, 3 мың шақырымға ұласқан. Ал уақыт тығыз. ЮНЕСКО басшылығымен кездесуге асыққан ақсақал арбасын Парижге 100 шақырым қалғанда, қалдырып кетуге мәжбүр болды.

Иә, Сәрсенбай ата 5 жылда дүниежүзін жаяу аралауды мақсат тұтты. Алғашқы сапарын ел ішінен бастаған. Бұл 2022 жыл. Сол тұста 17 өңірді кесіп өтіп, 88 мың шақырым жер жүрді. Бұдан кейін Түркия, Қытай, енді міне Еуропа елдеріне табан тіреді. Мақсаты – жаһанға қазақты таныту.

Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:

- Ең әуелі Азия континентін аралап өту, Еуропа континентін аралап өту, одан кейін Америка континенті. Жер шарын аралап өту - басты мақсатым. Оны әрі қарай жалғастырып, Экватор периметрін ұзартып, дүниежүзілік Гиннестер кітабына кіру.

76 жастағы қария айтылған сөз құр уәде болып қалмауға тиіс дейді. Ол осыдан 4 жыл бұрын шегінбеуге уәде берген. Мұны көмекшісі Бақтияр Қожахметов растады. Ол жаяу сапарға бірге шықпаса да, жиһанкезді JPS арқылы бақылап, бағыттап отырады.

Бақтияр Қожахметов, «Ұлы тағзым» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры:

- «Қазақ джиографи» ұйымы бар. Мен соның Ұлытау облысындағы өкілімін. Өзімнің басшыларыма айттым, олар қолдады. Олар СІМ хат жазды. Осындай ақсақал, саяхатшы, осындай бағытпен жүреді. Осындай мемлекеттерде болады. Сіздерден көмек сұраймыз. СІМ елшіліктерге бағыттайды.  Сосын елшіліктерден сұрайтыным кездесу ұйымдастырыңыздар.

Көпшілік Сәрсенбай Қотырашевты жиһанкез деп біледі. Бірақ ақсақал бұнымен қоса әйгілі қолөнер шебері, мәдениет және туризм саласының үздігі.

Гиннес кітабынан да орын алуы мүмкін. Өйткені 70-тен асқан шақта жаһанды жаяу аралаған ешкім жоқ. Қария, амандық болса, келесі жылы АҚШ-қа бет алмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Мадияр Қындыбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz