RU
Толық нұсқаға өту

Батыс Қазақстанда мал індеті өршіп барады

28.04.2026, 07:50 44

Мал ауруы біздің елді де айналдырып тұр. Батыс Қазақстан облысында 4 ауданға қарасты 22 ауылдық округте індет тіркелген.

Ауру негізінен мүйізді ірі қара арасында байқалады. Мамандардың айтуынша, ауырған малдың аузына жара шығып, шамадан тыс сілекей ағады. Қызуы көтеріліп, тәбеті төмендейді. Облыстық ветеринария басқармасының дерегіне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 5 мың 484 бас мал осындай ауруға шалдыққан. Оның шамамен 70 пайызы емделгенмен, 180 бұзау мен 28 сиыр шығын болған. Мұндай жайт қыста Ақжайық ауданының Шабдар-жап, Атамекен және Жолан ауылдарында да тіркелген. Ол кезде мамандар малға «рино-трахеит» диагнозын қойған еді. Аурудың нақты себебін анықтау мақсатында малдан алынған сынамалар сәуірдің 20-сы күні Астанадағы ұлттық референттік орталыққа жіберілген. Ал киіктерден алынған алғашқы сынама бойынша Бөкей Ордасы ауданында жүргізілген зерттеулер түз тағысының пастереллез ауруынан қырылып жатқанын көрсеткен. Ветеринарлық бақылау инспекциясы егер дәл осы ауру малдан да анықталса, шектеу шаралары енгізілетінін ескертеді. 

Марат Отаралиев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау комитеті БҚО аумақтық инспекциясының басшысы:

- Мал ауырса, жаңағы ұлттық референция лаборатория бізге сынаманы жаңағы нәтижесінде осындай ауру бар деп айтса, біздер шектеу қоямыз. Шектеу біздер жаңағы қожалыққа қоямыз. Біздер жаңағы шектеу дегенде мал шығару болмайды ешқайда, жаңағы қозғалу болмайды. Сол малды оқшаулаймыз. Вакцина сұратамыз, пастереллезге егеміз. Сосын жаңағы бәрі сауықтыру жұмыстары болғасын ашамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz