Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
«Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Мемлекет тек энергетикаға ғана емес, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға да басымдық береді. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін «Отбасы банк» АҚ-ның «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр, делінген хабарламада.
Аталған шараларды іске асыру жас мамандарды тартуға, кадрлардың біліктілік деңгейін арттыруға және жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты кадрлық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тегтер #жеңілдетілген ипотека #энергетика #Отбасы банк #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz