Елордада жеңілдік санатындағы азаматтарға LRT көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім қабылдау басталды.
Картаны 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар және заңнамаға сәйкес жеңілдігі бар, Астанада тіркелген тұрғындар ала алады. Өтінім transcard.kz сайты арқылы беріледі. Құны – 1200 теңге. Дайын болған кезде пайдаланушының телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл карта тек LRT желісімен жүруге арналған, ал қоғамдық көліктің басқа түрлерінде жарамсыз. Өзге жолаушыларға жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін стансаларда қолжетімді болады. Бұдан бөлек, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері де қарастырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #ЛРТ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz