RU
Толық нұсқаға өту

Әскерилерге төлем жасау қағидасы жаңарды

28.04.2026, 15:10 31

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидасын өзгертті. Осылайша, сыйақы беру тәсілдері айқындалды.

Әскери қызметшілер ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін ынталандырылуы мүмкін. Мұндай мезірет жоғары нәтижелерге қол жеткізген немесе қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған мамандарға да беріледі. Сондай-ақ сыйақылар мереке мен мерейтойлық күндерге орай үлестірілуі мүмкін. Мерейтойлық жасқа - 40 жас және одан кейінгі әрбір бес жыл кіреді. Құжат әлеуметтік қолдауды күшейтуге де бағытталған. Әскери қызметшілерге көрсетілетін материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды. Ол бюджет қаражатының үнемделуі есебінен беріледі.

Дархан Серхазин, ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаментінің еңбекақы төлеу бастығы:

- Ережеге жаңа ұғымдар енгізілді. «Істер мен лауазымды қабылдау күні» және «істер мен лауазымды тапсыру күні» командир бұйрығымен бекітіледі. Есеп айырысу тәртібі нақтыланды. Әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы сол айдағы нақты күнтізбелік күндер санына пропорционалды түрде есептеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz