RU
Толық нұсқаға өту

Еңбек қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған жұмыс берушілер жауапқа тартылады

28.04.2026, 16:18 35

Енді еңбек қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қараған жұмыс берушілер заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады.

Тиісті құжатты өткен айда Парламенттің қос палатасы пысықтап, екі оқылымда да мақұлдады. Бұл жолы депутаттар қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Осылайша жуық арада Еңбек, Әлеуметтік және Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерде жаңа тармақтар пайда болады. 

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл заң еңбек қауіпсіздігін, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғаудағы  сондай-ақ оларға әлеуметтік төлемдер жүргізудегі бірқатар мәселені қолға алып отыр. Заңға биылғы жылдың 7 сәуірде Президенттің қол қойғанын айтуымыз қажет. Осы қол қойылған мерзімнен кейінгі 60 күн өткен кезеңде заң қолданысқа енгізілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz