Қазақстандық жұмысшылар еңбек құқықтарын жақсырақ түсіне бастаған.
Оған мына сандар дәлел. Жыл басынан бері Кәсіподақтар федерациясына мыңнан астам өтініш түсіпті. Оның 884-і еңбек қатынастарына, ал 274-і жалақы мәселесіне тиесілі. Сондай-ақ еңбек және ұжымдық келісімшарттарға да қатысты арыз жазылған. Мамандардың айтуынша, Кәсіподақтар федерациясы жұмыстағы қандай да бір түсініспеушілікті шешуге көмектеседі. Онда азаматтарға заңгерлік кеңес беріліп, дауларды сотсыз реттеу процесі қолға алынған.
Еңбек қатынастары мәселесі – 884
Жалақы мәселесі – 274
Еңбек келісімшарты мәселесі – 130
Ұжымдық келісімшарт мәселесі – 83
Жұмысқа қайта орналасу мәселесі – 74
Әсел Молдағалиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясының бас сарапшысы:
- Қазір жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығы артып келе жатыр. Өңірлер бөлінісіндегі статистиканы айтсақ, Федерацияның Заңгерлік бөлімі жыл басынан бірқатар өтінішті қарады. Ең көп өтінім Батыс Қазақстан облысынан түскен, 250-ден асады. Келесі Түркістан облысы тұр. Үштікті Ақмола облысы мен Астана қаласы түйіндейді. Ал ең аз көрсеткіш Ақтөбе және Алматы аймақтарына тиесілі.
Тегтер #Кәсіподақтар федерациясы #еңбек қауіпсіздігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz