Шығыс Қазақстан облысындағы саяжай аумақтары ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен бақылана бастады.
Себебі саяжайлар орман алқаптарына жақын орналасқан. Мұнда күніне 10-15 дала өрті болса, осыған дейін 170 гектардан астам аумақ отқа оранды. Арнайы құрылғылар өрт ошақтарындағы жалынды тез арада анықтап, дереу өшіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар саяжай қожайындарымен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ғимараттан 50 метр қашықта от жаққандарға 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Тілек Манарұлы, ТЖД аға инженері:
- Облыс тұрғындарына және қонақтарына, әсіресе жер үйлерде, саяжайларда тұратын адамдарға өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Үйлерде тұрып шөп жағу немесе қоқыс жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелері талаптары көзделгенін еске салсақ, атап айтсақ, үй-жайлардан кемінде 50 метр арақашықтық сақтау керек. Сонымен қатар арнайы темір бөшкелерге жағып, қасына өрт сөндіргіш немесе сумен жабдықтау қажет.
Тегтер #ШҚО #өрт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz