RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан дәрілік заттардың айналымын реттеуді жетілдіруден 3-деңгейге көтерілді

28.04.2026, 19:36 41

Қазақстан дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-деңгейге көтерілді.

Бұл жайында елге арнайы келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус хабарлаған еді. Қазақстан мұндай дәрежеге ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізді. Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді. Яғни елде дәрі-дәрмекті тіркеу, бақылау, оны өндіру ісі ілгерлеп келеді. Мәселен, фармацевтикалық заттарды тіркеу 100 күнге дейін қысқарды. Ал сенімді әріптестер арасындағы бұл іс 15 күнде жүзеге асады.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Кез келген дәрі-дәрмек Қазақстанға кіретін, міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өту керек. Осы тіркеуді 100 жұмыс күніне дейін біз толығымен қысқарттық. Сонымен қатар қазір төрт қызметке жүгінудің орынына, бір қызметке жүгінуді оңтайландырдық. Сонымен қатар АҚШ, Еуроодақ мемлекеттерінен, Жапония елдерінен келетін дәрі-дәрмектің регистрациясы автоматты түрде өтеді. Яғни оларға 15 күн деп отырмыз, алайда оны да оңтайландыруды ойлап жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz