RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда маса мен кене улау басталды

28.04.2026, 20:38 30

Петропавлда маса мен кене улау науқаны басталды.

Зиянкестермен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 50 миллионға жуық теңге бөлінді. Саябақтар мен шеткі аудандарға дәрі себіледі. Себебі Есіл өзені арнасынан асып, қала маңында тоғандар пайда болған. Маса мен кене осы ошақтарда жұмыртқалап, жаппай көбейеді. Мамандардың айтуынша, биыл облыс орталығында 2 мың гектар жерді дәрілеу жоспарланып отыр.

Бердімұрат Баймұқан, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта жұмыстар Пестрое көлінің маңында, Жеңіс саябағында, Мещанский паркін, қалалық саябақта және де «Береке» шағын ауданындағы скверде жүргізілді. Жұмыстар күзге дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz