Қазақстандағы сот корпусының тең жартысынан астамын әйелдер құрайды.
Саладағы нәзік жандылар ұлттық сот жүйесін нығайтып қана қоймай, әділет пен тең құқықтың жаһандық стандарттарын қалыптастыруға зор үлесін қосып келеді. Бұл – өз кезегінде Орталық Азияның сот жүйесіндегі әйелдер рөлін нығайтып келе жатқан маңызды үрдіс. Астанада осы тақырыпта арнайы жиын өтті. Дөңгелек үстелді Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының қолдауымен Қазақстанның Конституциялық соты мен Жоғарғы Соты ұйымдастырған. Іс-шарада әйелдер құқығын қорғаудағы халықаралық озық тәжірибе, әйелдер мен қыздардың әділдікке қол жеткізудегі әлеуметтік-экономикалық кедергілер қаузалды.
Снежанна Имашева, ҚР Парламент Мәжілісі Комитетінің төрағасы:
- Гендерлік, яғни тұрмыстық зорлық мәселесі әр елде бар. Өкінішке қарай, әлемде бұл проблеманы түбегейлі жойған мемлекет жоқ. Дегенмен әр елдің әлімжеттікке қарсы күрестегі өз тәжірибесі бар. Зорлыққа қарсы күрес дегенімізде екі түрлі бағытты алып қарастыруға болады. Бірі – тұрмыстық зорлықтың алдын алу, яғни оны болдырмау. Екіншісі зорлық болған жағдайдағы іс-қимыл. Міне, бүгін судъя мен әрбір осындай қылмыстық істі тергеуге қатысатын мамандар қазіргі жүйені күшейтудің амалдарын талқылауға жиналды.
Тегтер #Әділет жүйесі #әйел #Таңдаулы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz