RU
Толық нұсқаға өту

Елде 631 дәрі-дәрмек бағасы 25%-ға төмендеді

29.04.2026, 17:20 32

Қаңтар-наурыз айларында елдегі 631 дәрі-дәрмек бағасы орта есеппен 25%-ға төмендеген.

Бұл туралы Үкіметтегі фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп саласының дамуына арналған кеңесте айтылды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеу жеделдейді. Бұл дәрі-дәрмектің нарыққа шығу мерзімін қысқартуға жол ашады. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында отандық дәрі-дәрмек өндірісінің әлеуетін арттыру талқыланды. Жалпы, елімізде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді. Тағы 166-сы медициналық бұйымдар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда 31 қазақстандық тауар өндірушімен 2 мыңнан астам фармацевтикалық өнім түрін жеткізу бойынша 83 ұзақмерзімді шарт жасалған. Былтырғы желтоқсаннан бері 316 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылды. Осылайша, 400-ге жуық дәрі түрі өндіріліп, бір мыңнан астам жұмыс орнын құрылмақ.

Қанат Шарлапаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

- Бізге фармацевтика нарығыныдағы отандық өндірушілердің өнімін 50 пайызға дейін жеткізу тапсырмасы жүктелген. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет тиісті іс-шаралар кешенін қарастырды. Бұл ретте ұзақмерзімді келісімшарттар жасау институтын қалыптастыру мен инвестициялық келісімдер бойынша дамуды көздеп отырмыз.  Осылайша, біз ірі дәрі-дәрмек өндірісін салғысы келетін инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасағымыз келеді. Бұл қазақстандық нарықтағы отандық тауарөндірушілердің үлесін арттыруға сеп болмақ. Бұл тек дәрі бағасын төмендетіп қаған қоймай, ұлттық қауіпсіздік мәселесін де қамтиды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz