RU
Толық нұсқаға өту

Семейде 47 жастағы әйелге күрделі операция жасалды

29.04.2026, 17:40 28

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында 47 жастағы әйелге күрделі операция жасалды.

Ақ халаттылар науқастан диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 келіден асатын ісікті алып тастады. Бірнеше жыл бойы белгі бермеген дерт тек пневмониямен ауруханаға түскен кезде анықталған. Тексеру барысында дәрігерлер алдымен лапароцентез жасап, шамамен 7 литр сұйықтықты шығарып, науқастың жағдайын жеңілдеткен. Кейін бірнеше сағатқа созылған операция барысында ісік толық алынды. Мамандар мұны аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі деп отыр. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Әсем Шалдыбаева, хирург, Маммология және гинекология бөлімшесінің аға ординаторы:

- Науқастың құрсақ қуысында шамамен 7 литр сұйықтық анықталып, алынды. Сол сәттен бастап науқасқа операция алдындағы хаттамаға сәйкес қажетті тексерулер тізімі беріліп, ол барлық тексерулерден бір апта ішінде өтті. 22 сәуірде тәжірибелі операциялық топтың қатысуымен отаға алынды. Операция барысында диаметрі шамамен 31 см, салмағы 6 кг 200 г болатын ісік алынды. Қазір науқастың жағдайы жақсы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz