Павлодар облысында қансорғыш жәндіктерге қарсы өңделетін аумақ көлемі былтырға қарағанда 50 пайызға артты. Дезинсекциялық жұмыстар 172 мың гектар жерді қамтиды.
Ертіс жайылмасы ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан маса, шіркейлерге қарсы биологиялық препараттар қолданылады. Осы мақсатта өңірге 10 шағын ұшақ пен екі өндірістік дрон жеткізілді. Әуе техникасы Ертіс өзені бойындағы елді мекендердің шабындық алқаптарында жұмыс істейді. Железин, Ақтоғай, Тереңкөл, Павлодар және Ертіс аудандарында бір-бір авиаборттан қарастырылған. Жалпы қансорғыштармен күреске облыс бюджетінен үш жылға 13,5 млрд теңге бөлініп отыр.
Сағын Төлеутаев, Жер қойнауын пайдалану басқармасының басшысы:
- Ертіс жайылмасында көптеген не адам аяғы баса алмайтын, не үстінен ұшақ ұшқан кезде ағаштардың, бұта жапырақтарына түспейтін қиын өңделетін жерлерді осындай міне дрондармен өңдейтін боламыз. Бүгінгі күні толық биологиялық препарат, 234 мың келі және толығымен химиялық препарат 13,9 мың литр өңірге келді.
Қанат Ахметов, Ғылыми сүйемелдеу тобының жетекшісі:
- Жайылма бұл мемлекеттік қорық, қорық болғаннан кейін бұл жерде химиялық препараттарды қолдануға тыйым салынған. Бұл негізі осы биологиялық препараттарға толығымен көшу осы себеп. Ал енді биологиялық препараттарды қолданғанда оның тағы бір дұрыстығы бар, биологиялық препараттар шыбын-шіркейдің шоғырланған стадиясына арналған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Павлодар #қансорғыштар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz