Таразда мектеп бітіруші түлектер 100 түп ағаш екті. Қала мектептерінде жаппай эко-челлендж ұйымдастырылды.
Мысалы, «Дарын» лицей-интернатының 60 оқушысы мектеп ауласына 60 түп арша мен қарағаш екті. Шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Челлендждің мақсаты қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын, тазалыққа жаны жақын ұрпақ тәрбиелеу.
Нұрдәулет Өсерғали, «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы:
- Бүгінгі акциямыз өзіміздің болашақ жастарға үлкен үндеу, үлкен тәрбие болып тұр. Себебі біз осы талдарды егу арқылы жастайынан тәрбие береміз. Яғни қазірден бастап талды егіп, мемлекеттік акцияға қатысып, өзінің мемлекетке деген үлесін қосу арқылы болашақта бұдан да мықты әрекеттермен мемлекетімізге үлкен үлес қосады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Тараз #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz