RU
Толық нұсқаға өту

Елордада республикалық жас педагогтар форумы өтті

29.04.2026, 18:20 29

Астанада республикалық жас педагогтар форумы өтті. Іс-шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Биылғы жиын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу тақырыбына арналды. Айта кетейік, Цифрландыру және ЖИ жылы аясында колледждерге ЖИ ендіру бойынша Жол картасы жасалған. Соның аясында оқу бағдарлаламаларына, педагогтар курсына тың технологияларды қосу және зертханалар ашу жоспарланған.  Бұл форум педагогтарға жаңа технологияларды оқу процессінде пайдалану бойынша тәжірибе алмасатын алаң. Бүгінде елде 763 колледж бар. Олар 200-ден астам мамандық бойынша кадр даярлайды. Соның ішінде 180 колледж педагогтарды оқытумен айналысады.

Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры:

- Қазір бізде 200-ге жуық еліміздің түпкір-түпкірінен мамандар мен жас педагогтар қатысып отыр. Соның ішінде 80 жас педагог қатысып отыр. Бұл жас педагогтар үшін үлкен алаң. Цифрландыру және жасанды интеллект бойынша тәжірибе алмасады. Өздерінің жасаған материалдарын көрсетеді. Сонымен қатар осы жерде педагогтар арасында жасанды интеллектіні енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz