Атырау облысында ауылішілік жолдың құрылысы сегіз жылдан кейін қайта жанданды. Хиуаз елдімекенінде бұл жұмыс 2018 жылы басталған.
Бірақ коронавирус пандемиясы мен құрылыс материалдарының қымбаттауынан жоба тоқтап қалды. Жоспар бойынша 22 шақырым автокөлік және 7 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселуі тиіс еді. Енді мердігер аяқсыз қалған құрылысты келер жылы тапсыруды көздеп отыр.
Руслан Сиражов, Құрманғазы аудандық Автомобиль жолдары және түкш бөлімінің басшысы:
- Ауылішілік жолдарды тротуарлармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме «Атырау жолдары» ЖШС-і. Бұрынғы жобада 10 шақырым қаралған. 2024 жылы жобаға түзетулер енгізілді, себебі қалып қойған 12 шақырым көше қосылды. Сонан кейін материалдар қымбататуына байланысты 2025 жылы жоба қайта түзетуден шығып қазіргі таңда жұмыстар жалғасуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #жол құрылысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz