RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстаулық оқушылар жеміс ағаштарын екті

29.04.2026, 21:15 33

Маңғыстаулық оқушылар Батыр ауылындағы саябаққа жүздеген жеміс және тал көшетін екті.

Енді олар алма, алмұрт, алхоры, өрік өскінін өздері күтіп баптайды. Дәл осындай акция Бейнеу ауылында да өтті. «Түлектердің ағаш егу» шарасы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Оған екі жарым мыңдай оқушы қатысады деп жоспарланған.

Мира Бисенбек, оқушы:

- Экологиялық мәдениет қазіргі таңда өте өзекті болып табылады. Жәй ғана ағаш отырғызумен шектелмей, сонымен қатар елдің түп санасынан бастау керек деп білемін. Маңғыстаудың түрлі жерлеріне барып, сенбіліктер жасаймыз. Зерттеулер жүргіземіз және оны өзіміздің әлеуметтік желілерімізге салып отырамыз. Мұның барлығы елдің көркеюіне, экологиялық аймақты дұрыс ұстауымызға көмегі тиеді деп ойлаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz