Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі операция жасалды.
Облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында ретинопатия диагнозы бойынша жоғары технологиялық офтальмологиялық ота жасала бастады. Бұл мақсатта перинаталдық орталыққа заманауи медициналық диодты «АЛОД-01» лазерлік аппараты іске қосылды. Жаңа құрылғы ауруды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде тиімді ем жүргізуге және балалардың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Жапырақ Епенова, «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры:
- Бүгінде облыстағы шала туған нәрестелердің 92%-ы осы біздің орталықта босанады. Орталықта босанбай, кездейсоқ аудандарда босанып жатса, біз ол балаларды өзімізге санавиация көмегімен тасымалдаймыз. Мен толыққанды айта аламын, бүкіл шала туған нәрестелерге толық көмек көрсетіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Маңғыстау #медицинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz