RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Innotech университеті ашылды

29.04.2026, 23:10 26

Алматыда жаңа инновациялық Innotech университеті ашылды. Ол білім берудегі әлемдік көшбасшылардың бірі Arizona State университетінің серіктестігімен іске қосылды.

Мұндағы білім беру әдісі америкалық университеттің бағдарламасы бойынша жүреді. Жаңа оқу орнында студенттер киберқауіпсіздік, жасанды интелект және бизнес бағыттарын меңгереді. Талапкерлер оқуға ҰБТ нәтижесі арқылы түседі. Түлектер ағылшын тілін жетік біліп, сұхбаттасудан сүрінбей өтуі қажет. Оқу барысында студенттер америкалықтармен бірлескен жобаны жүзеге асыра алады. Барлық шарттар орындалған жағдайда қос диплом беріледі. Алдағы уақытта университет кампус аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Студенттерді қабылдау кезең-кезеңмен жүреді. Білім ордасының ашылуына Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсетті.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

- Президенттің тапсырмасымен қазір Қазақстанда бірнеше шетелдік мықты университеттер ашылып жатыр. Үш үлкен мақсатымыз бар. Бірінші мақсат Қазақстанды үлкен академиялық және зерттеуші халыққа айналдыру. Үлкен мақсат ол – осындай университеттер арқылы біздің жергілікті жетекші университеттерімізді әсіресе трансформациялау. Яғни оларды зерттеуші форматқа келтіру.

Шыңғыс Нұрланов, Innotech университетінің провосты:

- Енді негізгі мақсатымыз бүгін кампусымызды ашып жатырмыз. Сонымен қатар біздің мақсатымыз үлкен кампус ашу – ол осы біздің ғылым қаласында болады. Ғылым қаласы жобасына біз қатысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz