RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Жеңіс бақтары» аллеясы ашылды

29.04.2026, 22:20 29

Астанада мектеп маңынан «Жеңіс бақтары» атты аллея пайда болды. Демалыс аймағы «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында халықаралық «Жеңіс бақтары» науқаны аясында ашылды.

Бүгін баққа 70 түп ағаш егілді. Оған Ресейдің Қазақстандағы елшісі арнайы қатысты. Сондай-ақ эко белсенділер, мұғалімдер мен оқушылар атсалысты. Ұйымдастырушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің рухына құрмет көрсетіп, олардың ерлікке толы өмір жолын еске алды.

Александр Комаров, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл акция алты жыл бұрын басталып, бүгінде әлемнің 80-нен астам елін қамтып отыр, оған миллиондаған адам қатысады. Акция аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында фашизмді жеңу жолында жанын қиған адамдарды еске алу, олардың құрметіне ағаш егу идеясы жатыр. Бұл тек естелік қана емес, біздің сол оқиғаларды ұмытпайтынымыздың дәлелі. Біз қазақстандық достарымыздың экологияны қорғау, қоршаған ортаны сақтау бағытындағы күш-жігерін әрдайым қолдаймыз және бүгін де соған өз үлесімізді қосып отырмыз.

Гүлнұр Айтимова, Астана қалалық №8 мектеп-лицейінің директоры:

- Мектебімізде ерекше күн. Өйткені мектебімізде бақта 11 сынып оқушыларының түлектерімен ҚМ, СІМ және Ресей елшілігімен бірлесе отырып біздің мектебіміздің түлектері  70 ағаш егу жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz