ҚР Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды 24KZ.
Тергеу барысында күдіктінің 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлағаны анықталды,- делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тегтер #Бас прокуратура #алаяқ #экстрадиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz