RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

TikTok-тағы қауіпті тренд: Мұғалімді мазақтаған оқушылардың ата-анасына айыппұл салынады

30.04.2026, 10:08 41

Соңғы уақытта TikTok желісінде оқушылар арасында мұғалімдерді «бағалайтын» жаңа тренд белең алуда. Алайда бұл жай ғана әзіл емес — заң алдында жауап беретін құқықбұзушылық. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға байланысты ресми ескерту жасады, деп хабарлайды «24KZ».

Оқушылар мұғалімнің сабақ беріп жатқан сәтін видеоға түсіріп, оның үстіне «Stranger Things» сериалындағы кейіпкерлердің есімдері мен балағат сөздер араласқан аудионы қосады. Осылайша, жасөспірімдер ұстаздарға «ұнайды/ұнамайды» деген форматта бейресми әрі дөрекі баға береді. Кей жағдайда мектеп нөмірі де ашық көрсетіледі.

Осы жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасап, педагог мәртебесі туралы заңға  ерекше назар аударуды ұсынады.

Педагогтің қызметтік міндетін атқару кезінде оған құрметсіздік таныту — әкімшілік құқықбұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Жеке тұлғалар үшін: Интернетте балағат сөздер айту, қорлайтын материалдар жариялау үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

Кәмелетке толмағандар үшін (12-16 жас): Егер бұл әрекетті жасөспірім жасаса, оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл жүктелетінін еске салды.

Қайталанған жағдайда: Бір жыл ішінде осы қателік қайталанса, айыппұл мөлшері едәуір артады.

Анықтама: 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2024 жылы 3 692 теңгені құрайды. Сәйкесінше, 20 АЕК — 73 840 теңге, 30 АЕК — 110 760 теңге.

Сондай-ақ, құқығы бұзылған педагогтер Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіне алады. Өтінішпен бірге мынадай дәлелдемелер болуы шарт:

Видео немесе аудиожазбалар;

Интернеттегі жарияланымның скриншоттары немесе сілтемесі болуы керек.

«Білім туралы» Заңға сәйкес, ата-аналар балаларының гаджеттерді қалай пайдаланатынын және қандай сайттарға кіретінін бақылауға міндетті. Министрлік ата-аналарды балалардың цифрлық қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz