RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайтын болады

30.04.2026, 10:13 39

Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. 

 DJI Matrice 400 дронының мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде көрсетілді. Дрон LiDAR және mmWave-радар технологиялары арқылы жолдың беткі қабатын сканерлеп, ақауларды автоматты түрде анықтайды. Нәтижесінде жолдағы тегіс емес учаскелер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі.

Тексеру процесі толықтай автоматтандырылған: оператор тек ұшу аймағын белгілейді, ал құрылғы маршрутты өздігінен құрастырады. Жүйе O4 Enterprise Enhanced деректерді беру технологиясымен жабдықталған, бұл тұрақты байланыс орнатып, бағдарламалық қамтамасыз етумен және жасанды интеллект элементтерімен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дронда интеллектуалды анықтау, көрінетін және жылу арқылы түсірілім жасау, сондай-ақ AR-визуализация функциялары бар. Бұл оны күрделі ауа райы жағдайларында және көру мүмкіндігі төмен кезде де тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғы қатты желге бейімделген, бұл әсіресе ашық дала аймақтары үшін маңызды.

Мамандардың айтуынша, мұндай технологияларды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ерте диагностика ақауларды қауіпті деңгейге жетпей тұрып анықтап, уақытылы жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұл технологияны автожолдардың жай-күйін кешенді диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жүйе ақауларды анықтап қана қоймай, олардың көлемін де дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz