RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Есірткі саудасына қарсы күрес: Алматыда курьер ұсталды

30.04.2026, 10:32 37

Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі саудалаған интернет-дүкен анықталып, 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс ұсталды, деп хабарлайды 24KZ

Тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың «экстази» таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы 2,5 келі. Төлем криптовалюта арқылы алынған. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz