Астана маңындағы Қосшы қаласына дейін жеңіл рельсті көлік желісін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, жуырда Астана әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірлескен кеңес өтіп, салынып жатқан нысан қаралған. Жобаны іске асырумен Астана қаласының әкімдігі айналысып жатыр.
Облыс әкімінің сөзінше, жаңа бағыт Қосшы тұрғындары үшін қолайлы болмақ. Қалада жеке LRT станциясы салынып, тұрақ орындары қарастырылады. Сонымен қатар магистральдық жолдарды дамыту жұмыстары да қатар жүргізіледі.
«Бұл жоба Қосшы мен Астана арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді. Жүйе қаланың негізгі жолдарымен байланысады», – деді Марат Ахметжанов.
Алдын ала жоспар бойынша, нысанды келесі жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Дегенмен жобаға қатысты нақты мерзімдер мен техникалық мәселелерді Астана қаласының әкімдігі айқындайды.
Тегтер #LRT #Қосшы #станция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz