RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде су басу қаупінің деңгейі жоғары

30.04.2026, 17:49 29

Елде қарғын су қатері сейілмей тұр. Қажетті шаралардың қабылданғанына қарамастан су басу қауіпінің деңгейі әлі де жоғары.

Сенаторлар осылай деп дабыл қағып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Қазір 1200-ден астам елді мекен қауіпті аймақта. Биыл апат салдарынан гидропост қызметкері қаза тапқан. Депутаттар мәселені қарастырып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін шұғыл шешім қабылдау қажеттігін алға тартты.

 

Нұрлан Бекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Елді мекендерді толыққанды қорғау үшін құны 5,2 миллиард теңгеге ауқымды жоба әзірленді. Алайда оның аясындағы жұмыстарды толық аяқтау үшін қаржы жеткіліксіз. Осы мәселеге айырықша назар аударып, шұғыл шешім қабылдау керек. Тиісті қаржыны бөлу бағытын шұғыл қарастыру қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz