RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайдағы ғылыми-инновациялық фестиваль өтті

30.04.2026, 19:04 31

Іс-шара аясында қонақтарға арнайы индустриялық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бірнеше кәсіпорынды аралап, өндіріс технологияларымен танысты.

Әр өңірден келген жастарды, әсіресе, машина жасау саласы қатты қызықтырды. Енді жергілікті әкімшілік осындай танымдық сапарларды тұрақты түрде өткізуді көздеп отыр.

Қостанай қазір тек аграрлық қана емес, қуатты индустриялық аймаққа айналған. Тау-кен өндірісін айтпағанда, өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті жыл санап артып келеді.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

- Облысымыз өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемі бойынша елімізде 4 орында. Қостанай облысын машина жасау орталығы деп сенімді айтуға болады. Себебі еліміздің машина жасау өнімінің 25 пайызы біздің өңірде өндіріледі.

Жаңадан салынған Кіа зауыты әлемдік деңгейдегі стандартқа сай келетін өндіріс орыны. Замануй өндірістік алаңдар, жаңа технологиялар шығарылатын өнімнің сапа кепілдігі. 

Ким де Ки, «Kia Qazaqstan» бас директоры:

- Бүгінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Алайда бұл жолдың басы ғана. Алдағы жоспарымыз: өндіріс көлемін ұлғайту, локолизация деңгейін тереңдету, экспорттық әлеуетті дамыту. Біз алда әлі де үлкен мүмкіндіктер бар екеніне сенімдіміз.

Фестивальге қатысушылар өңірдің индустриялдық саладағы жетістіктерін өз көздерімен көріп, куә болды. Әр өңірден келген студент жастар жағын көлік құрастыру технологиясы көбірек қызықтырды.

Мақсат Молдалиев, Түркістан қаласындағы индустриалды-техникалық колледж директорының орынбасары:

- Келіп, 4 зауытты көрдік. Керемет шығып жатқан өндірістерді көрдік. Қазіргі заманауи роботтар, керемет инновациялық технологияларды қолданып, Қазақстанымызда, оның ішінде Қостанай өңірінде осындай зауыттар бар екенін көріп, біз риза болып жатырмыз. 

Аружан Сағын, Түркістан қаласындағы колледж студенті:

- Мен үшін ұнағаны өте заманауи түрде жасалған барлығы. Сонымен қатар таза, ұқыпты түрде барлығы.

Индустриалдық экскурцияның негізгі мақсаты, жастарды мамандық таңдауға ынталандыру, кәсіби бағдар беру. Енді өнеркәсіп орындарына осындай танымды сапарлар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz