RU
Толық нұсқаға өту

Үржарлықтар жаппай сенбілікке шықты

30.04.2026, 19:13 32

Абай облысы Үржар ауданының тұрғындары қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандар маңайын тазартты. 

Олар 100-ден астам қап қоқыс жинап шықты. Көшелер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды сыпырып, оның бойындағы ағаштарды қырқып ретке келтірді. 

Үржарлықтар сәуір айында осымен бесінші рет тазалық акциясына шығып отыр. Бұған дейін 3 мың тұрғын қатысып, 350 тонна қоқыс шығарылды. Осы жолы да қоғамдық орындар мен көше бойында тазалық жұмыстары өтті. 

Мақсат Әмірбаев, Үржар ауылдық округінің әкімі:

-  Әр жұма сайын сенбіліктер ұйымдастырылып осы Үржарымыздың тазалығын жүргізіп, көшеттер егіліп жатыр. Қоғамдық орындар үнемі тазаланып отырады. Жалғыз Үржар ауылдық округінде емес, аудан көлемінде «Таза Қазақстан акциясы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар. Үржарымыздың жері өте құнарлы. Не ексек те шығады. Қандай тал ексек те жайқалып өсіп шығады.

Жалпы облыс бойынша биыл сенбілік шараларына 30 мыңға жуық адам қатысты. Полигондарға 3 мың тоннадай қалдық шығарылып, су айдындары мен арықтар ретке келтірілді. 

Салтанат Селиханова, Үржар ауылының тұрғыны:

- Өзіміздің ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне белсенді қатысып жатырмыз деп ойлаймыз. Өйткені әр сенбілікті біз наурыз айының аяғынан бастағанбыз. Ауданымыз көркейіп, ауданымыздың ажары ашылып тұрса жақсы ғой бізге де.

Ақерке Алтынбекова, Үржар ауылының тұрғыны:

- Ең алдымен, тазалықты өзімізден бастауымыз керек. Біздің ауламыздың тазалығы осы ауылымызға, ауданымызға сіңіріп жатқан еңбегіміз осыдан көрінеді. Өзіміз алғашқы қадамды жасасақ, таза ұстасақ, барлық жерде тазалық сақталынады.

Абай облысында жыл соңына дейін 67 мың ағаш егу жоспарланып отыр. Бұған қоса жол бойына орман жолақтары егіліп жатыр. 

Авторлары: Рүстем Қайратұлы,Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz