Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні.
Осыдан тура 81 жыл бұрын батырымыз жауынгер Григорий Булатовпен бірге қарша жауған оқ пен оттың ортасынан өтіп, жау ордасына 7 сағатта еңбектеп жетеді. Бүгін қаһарманның майдан даласындағы ерлігі туған жері Тайтөбеде ұлықталды. Жиналған жұртшылық Рахымжан Қошқарбаевтың бюстіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.
Айнагүл Көңбайқызы, Қосшы қаласының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім» ММ басшысы:
- Жыл сайын Тайтөбе ауылының тұрғындары батырдың ерлігін атап өтеміз. Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына бюст орнатылған. Қазір осы орын демалыс орталығы сияқты болып кетті. Жылда атап өту дәстүрге айналды.
Тегтер #Р Қошқарбаев #Рейхстаг #жауынгер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz