Ұлыбритания мен Еуропаның 9 елі бірлескен әскери-теңіз күштерін құруға уағдаласты. Бұл туралы Британия флотының қолбасшысы мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа бірлестік кәрі құрлықтың солтүстігіндегі теңіздерде болуы мүмкін қауіп-қатерге қарсы тұру үшін керек. Аталған бастамаға Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция, Нидерланд пен Балтық елдері қосылды. Мәлімет бойынша, жаңа күштер НАТО-ны толықтырып, қажет жағдайда альянспен қоян-қолтық жұмыс істейді. Үйлестіру жұмысын Британия Қарулы күштерінің Лондондағы штабы атқарады. Бірлескен әскери жаттығулар өткізу және сарбаздарды дайындау ісі де қатар жүрмек. Бірлестікті құру туралы декларацияға осы жылдың аяғына дейін қол қою жоспарланған.
Тегтер #Ұлыбритания #әскери теңіз #ЕуропаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz