Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне 1000-нан астам бұғаттағыш орнатылды.
Бұл шара жыл басынан бері жиілеп кеткен қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Осы ретте қалалық ТЖД мамандары, полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, 30-дан астам рейд ұйымдастырды. Рейд кезінде тұрғындарға сақтық шаралары жан-жақты түсіндірді. Мамандар тек құрылғы орнатумен шектелмей, ата-аналарға бала қауіпсіздігіне бейжай қарамауды ескертті.
Әли Арғынбаев, қалалық ТЖД ТЖЖБ инженері:
- Біз өзіміз группаға бөлініп, әлеуметтік осал топтардың, көпбалала ата-аналардың үйлеріне барынша қамтуға тырысамыз. бүгін 10 блокиратор орнатамыз. Жылы мезгіл келгенімен бізде 5 оқиға тіркелді. Оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Өткен жылы 58 оқиға тіркелді, оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталды.
Тегтер #балалар қауіпсіздігі #елорда #ТЖД #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz