Көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін дамытуға бағытталған бастама «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асады.
Жоба аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында алғашқы басқосу өтті. Семинарда алда атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
«TURGYNDAR AMANATY» жобасының басты мақсаты – қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру және тұрғындардың белсенділігін арттыру. Былтыр Астанада қанатқақты жоба ретінде тиімділігін көрсеткен бастама қазір барлық өңірде қолға алына бастады. Жоба аясында цифрландыру, сервистік қызмет сапасын арттыру үшін ПИК төрағалары біліктілік арттыру курсынан өтеді.
Дастан Рыспеков, облыс әкімі:
- Өз кезегінде Ұлытау облысының әкімдігі тарапынан бірқатар тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі күні Ұлытау облысында 559 кондоминиум нысаны ретінде заңдастырылды. Қалған үйлерді тіркеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері аймақта 14 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Оларды басқару жүйесі заманауи талаптарға сай жасақталған. Ендігі мәселе - ескі үйлерді кезең-кезеңімен жаңғырту. Жаплы облыс құрылғалы өңірде 120-ға жуық көпқабатты үйдің қасбеті күрделі жөнделді. Биыл тағы 33 үйдің шатыры мен қасбеті жаңарады.
Ержан Жылқыбаев, «AMANAТ» партиясының хатшысы:
- Өңір әрине дамып жатыр. Алайда біз қарап отырғандай, ескі үйлер бұрыннан салынған мәселесі әлі де шешімін таппаған. 1600-дан астам көпқабатты үй жөндеу жұмысын талап етеді. Болашақта сол үйлердің жағдайы қалай басқарылады, жөндеу жұмыстары қалай жүреді, қандай кезеңмен жүреді осындай мәселелерді қолға алып жатырмыз.
Семинар-форумның екінші бөлігінде жергілікті атқарушы орган өкілдері ПИК төрағалары көтерген сауалдарға жауап берді. Тұрғын үй басқару саласында белсенділік танытқандар «AMANAТ» партиясының алғыс хатымен марапатталды. Партияның облыстық филиалы мен ПИК қауымдастығы арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев
Тегтер #Ұлытау облысы #TURGYNDAR AMANATY #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz