RU
Толық нұсқаға өту

Құқық пен тәртіп – тұрақтылық кепілі

30.04.2026, 22:16 30

Қарағанды, Темірату және Балқаш қалаларында Қазақстан Республикасының Конституциясын және «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіру мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті. 

Іс-шара барысында көпшілік елдегі реформалық өзгерістерге, өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты мол ақпарат алды. 

«Ашық есік күні» акциясы-халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтудың тиімді алаңы. Акцияға келген әр адам Ата заң мен «Заң және тәртіп» қағидасы және өздерінің жеке сұрақтары бойынша кең ауқымды кеңес алды. Көпшілікті құқық қорғау органдарының өкілдері, заң кеңесшілері, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қабылдады.

Данияр Байділдин, Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – мынау 15-ші наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конститутциямыздың жаңашылдықтарын түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар мынау «Заң мен тәртіп» идеологеммасын ілгерлету жөнінде, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде біз баяндама жасадық.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін негізгі заң. Ондағы қабылданған өзгерістер елімізді демократияландыруға, азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге және мемлекеттік басқарудың әділ әрі ашық жүйесін дамытуға бағытталған.

Нұрдос Сәулеш, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Конститутциядағы басты өзгерістер, ондағы қоғамға тигізетін пайдасы секілді тақырыпта, жалпы Конститутцияның өзгерістері түсіндірмелі түрде ашық, жақсы жеткізілген бір жиын болды.

«Ашық есік күні» Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында өтті. Бұл күні 250 адам реформалық өзгерістерге, өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтарына жауап алды. Облыста «Құқық кабинеті» жобасы да іске асырылған. Оның аясында ауыл тұрғындары жергілікті жерде орналасқан бөлімдерде заңгерлік кеңес алады. Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін биыл өңірде «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді» акциялары үйымдастырылып, ауылдарда көшпелі кездесулер өткізу жоспарланған. 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz