Петропавлда соғыс жылдары жергілікті госпитальдарда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескерткіш аумағы тазартылды.
Жеңіс күні қарсаңында қоғам белсенділері мен еріктілер тағзым ету орнының айналасын абаттандырды. Сонымен қатар қаза тапқандардың аты-жөні жазылған тақтайшаларды сырлап ретке келтірді. Жиналғандар ұрыс даласында жан алысып-беріскен боздақтарды еске алып, өскелең ұрпаққа үлгі етті. Экологиялық шараға 150 адам қатысты.
Жадыра Жолкенова, «Жастар Рухы» жастар қанаты ОФ төрағасы:
- Бұл үлкен акция біз үшін өте маңызды деп ойлаймын. Тарих беттерінде де жазылып қалған осындай біздің ерлікпен қаза тапқан солдаттарымызды еске алып, осылай келіп үлкен акцияға жол тарттық. Бұл жас буынға үлкен сабақ деп ойлаймын.
Тегтер #Петропавл #ескерткіш #тазарту жұмыстары #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz