Ақтау қаласында оқушылар мен студенттер дрон ұшырудан өзара бақ сынады. Киберспорт сайысы өңірлік «IT FEST – 2026» фестивалі аясында ұйымдастырылды.
«Каспин дрон» атты байқауға 80-нен астам қатысушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың ең кішісі небәрі бес жаста болса, үлкені жиырмадан енді асқан жастар болды. Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар дронды мүмкіндігінше жылдам әрі кедергілерге соқпай басқаруы тиіс болды. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткендер анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрлі шараның қорытынды бөлімінде балалар өздерінің робототехника және стартап жобаларын көпшілік назарына ұсынып, заманауи технологияларға қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.
Әйгерім Мәжтай, «Mangystau Hub» жетекшісі:
- Үшінші жыл қатарынан «ІТ Fest» жобасы өтіп жатыр. Мұның барлығы Маңғыстау жастарының ІТ бағытындағы өзінің қабілеттерін арттыруға бағытталған және де жарыс соңында мықты командаларға жүлде қоры тағайындалған. «Дрон рейсинг» бойынша жалпы жүлде қоры – 300 мың теңге. Бұл жерде қатысушылар жекелей қатысады.
Тегтер #Ақтау #дрон #оқушылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz