RU
Толық нұсқаға өту

Семейде бірлік күні тойланып жатыр. Live

01.05.2026, 11:20 32

Семейде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі марафонмен басталды. Таңғы сағат 07:00-де тұрғындар «Бірлік жүгірісі» марафонына қатысып,бірнеше шақырым жүгіріп өтті.

Қазір біз Қарағайлы ықшам ауданындағы «Республика» алаңында өтіп жатқан «Достық» фестивалінің ортасында тұрмыз. Мұнда этномәдени орталықтар ұлттық құндылықтарын таныстырып, арнайы көрме алаңдарын ұйымдастырған. Қала тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрлермен жақынырақ танысуда. Сондай-ақ мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» тақырыбында өнер көрсетуде. Қазір бұл жер достық пен татулықты дәріптейтін ерекше алаңға айналды.

Фестиваль аясында балаларға арналған «Достық» көрмесі, «Достық кітапханасы» әдеби алаңы және қолөнершілердің «Қолдан жасалған керемет» жәрмеңкесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар спорт сүйер қауым үшін «Sport Life» ойын алаңы ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін барынша еңбектенген. Атап айтқанда, медициналық қызмет пен қауіпсіздік шаралары толық бақылауда. Семейдегі мәдени фетиваль әлі бірнеше сағатқа жалғасады. Жалпы бұл мереке бірлік пен достықтың шынайы көрінісі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz