Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні Абай алаңында мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтуде.
15 ұлттық мейрамхана, сондай-ақ мәдени бірлестіктер өкілдері Қазақстанда тұратын түрлі этностардың дәстүрлі тағамдарын ұсынды. Бағдарламада — дәм тату, аспаздық шеберлік сағаттары және концерт бар. Студиямен тікелей байланыста әріптесім Гүлжан Көленқызы әсерімен бөлісуге дайын
Алматыда 1 мамыр мерекесінің өз әсері, ерекше атмосферасы бар. Қазір Абай алаңында дәл сол көңіл күйді аңғаруға болады. Республика сарайының алдындағы басты сахнада әртістер, шығармашылық ұжымдар мен халық ансамбльдері өнер көрсетуде. Мұндай формат қала тұрғындарына ерекше ұнайды. Жәй күндері ести бермейтін ұлттық әуендер, би, аспаптар мерекені айшықтай түсуде.
Мұнда бір шаңырақ астында ондаған мәдениет тоғысқан — татарлар, ұйғырлар, орыстар, кәрістер, украиндар, дүнгендер ұлттық ерекшеліктерін паш етуде. Әрбір шатырдың өз тарихы, өз дәмі бар. Қонақтар тағам арқылы мәдениетпен танысып, жақсы уақыт өткізе алады. Мұнда өзбек палауы, ұйғырдың санзасы және әзербайжан долмасы ұсынылуда. Менің дәмін татып үлгерген тағамдардың барлығы өте дәмді, жан-тәнімен дайындалған.
Айта кету керек, Алматы — этникалық және мәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді. Осындай мерекелік іс-шаралар қазір мегаполистің барлық аудандарында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар бұл бастамалар ұлтаралық келісімді нығайтып және гастрономиялық туризмді дамытуға ықпал етеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #бірлік күні #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz