Күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрт қаупі күшейеді. Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды «24KZ».
Сенбіліктер өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазалау кезінде ерекше сақ болу керек. Құрғақ, ыстық және желді күндері қоқыстарды өртеуге тыйым салынады.
Ауа райы қолайлы болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, арнайы бөлінген орындарда ғана қалдықтарды жағуға болады.
ТЖМ мынаны еске салады:
сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын кез келген жерге тастамаңыз;
құрғақ шөпті өртемеңіз;
үйдің немесе саяжайдың аумағын құрғақ шөптер мен жанғыш қоқыстардан үнемі тазалап отырыңыз;
балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
Егер өрт белгілері байқалса, 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Балаларды су маңында, әсіресе табиғат аясында қараусыз қалдырмаңыз.
Тегтер #Төтенше жағдайлар министрлігі #өрт қаупі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz