Жамбыл облысының Қордай ауданында жекелеген азаматтардың автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнату схемасын ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Жанармайды елден заңсыз әкетіп, кейіннен қайта сату үшін осындай қитұрқы әрекетке барады. Жыл басынан бері облыс аумағында осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Барлық заң бұзушылық дер кезінде анықталды. Кінәлі жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды. Анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылады.
Заңсыз орнатылған құрылғылар тексеру барысында бірден мәжбүрлі түрде алынады. Сонымен қатар көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз оларға қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тегтер #Жамбыл облысы #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz