RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтілді

01.05.2026, 17:00 28

Қарағандыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтілді.

Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Кеншілер шаһарының орталық  саябағында әртүрлі этностардың дәстүрі мен мәдениеті көрсетіліп, өзара достықтың жарқын көріністері салтанат құрды. 

Қарағанды облысында 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. 61 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Елдің ынтымағын арттыру жолында олар үлкен роль атқарады. Сондай-ақ облыста ақсақалдар кеңесі қоғамдық келісім мен ортақ құндылықтар төңірегінде халықты біріктіруге үлкен үлес қосып келеді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев татулық пен бейбіт өмір, тәуелсіздігіміз ең басты байлығымыз екенін атап өтті.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- «Береке басы – бірлік» дейді халқымыз. Бірлік мемлекетіміздің берік негізі, тұрақтылығымыздың басты кепілі. Конституцияда әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары айқын белгіленген. Бұл құндылықтар еліміздің орнықты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 

Мерекеге орай этномәдени бірлестіктердің, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Сондай-ақ «Ісмер» және «Шебер» қолөнершілер орталықтарының жәрмеңкесі болды. Мәдени шараны мыңдаған адам келіп тамашалады. Бүгінде кеншіліер өңірінің халқы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. 

БЛИЦ

- Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Қазақстанда 130 астам ұлт тұрады. Тату тұрамыз барлығымыз. 

- Қазақ еліміздің ең басты құндылығымыздың бірі – ол достық. Әртүрлі этнос арасындағы достық. Сондықтан да осы достығымыз мәңгілік болсын. 

Мереке аясында қарағандылықтар «Бірлік жүгірісі-2026» дәстүрлі республикалық жарысына қолдау білдірді. Ауқымды спорттық шараға 300-ден  астам адам қатысты. Олар 2 шақырым қашыққа жүгіріп,  жеңімпаздар естелік медальдармен марапатталды.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz