RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында көпірді су шайып кетті: 81 адам эвакуацияланды

02.05.2026, 13:35 24

Түркістан облысында қатты жаңбырдан Ақмешіт өзенінің деңгейі көтеріліп, 80--нен астам адам эвакуацияланды. 

Оқиға Төлеби ауданындағы Ақмешіт ауылының туристік аймағында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, арнасынан шыққан өзен суы екі уақытша көпірді шайып кетті. Екпінді ауданындағы өткел де зақымдалды. Құтқарушылар Екпінді ауылынан 11 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Демалыс аймағынан жетпіс адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі, «Қазселқорғау» қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz