RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде «Достық толқынында» фестивалі өтті

02.05.2026, 17:00 36

Өскеменде «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі салтанатты іс шараға толы болды.

Орталық алаңда жүздеген домбырашы күй шертсе, бишілер мың бұрала билеп мерекенің сәнін кіргізді. Ал ұлттық нақышта киінген этномәдени бірлестік өкілдері  өз өнерін ортаға салды. Күні бойы қаланың әр ауданында жалғасқан мейрам «Достық толқынында» атты жаңа форматтағы студенттер фестивалімен қорытындыланды.

Ел шығысында 74 этномәдени бірлестік бар. Демек, облыс үшін бірлік мерекесінің орны бөлек. Сондықтан қала аспанында ән әуездеп, сахнада күй төгілді. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жұртшылықты мейраммен құттықтап, татулық туын биік ұстауға шақырды.

Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:

- Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, жарқын болашағына жол ашатын да біздің бірлігіміз бен өзара түсіністігіміз, сыйластығымыз. Қазіргі таңда оның маңызы одан әрі арта түсуде.

Алаңда асық атып, ләңгі тепкен жастар да көз қуантты. Садақ ату дәстүрі де көрсетілді. «Достық үйінің» мүшелері айтулы күнді айрықша қарсы алады. Этнос өкілдері ел ынтымағын ерекше қадірлейді.

Рустам Зулфиев, Тәжік этномәдени орталығының төрағасы:

- Осы бірінші мамыр күні халық бірлігі күні баршамызға құтты болсын дегім келеді менің ұлтым өзі тәжік, Біз ұлтқа бөлінбейміз, Қазақстанда  қанша ұлт бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр бір әке шеше баласындай өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанымыз тек қана гүлдей берсін, Қазақстан тек қана алға.

Мейрам «Достық толқынында» атты жаңа форматтағы студенттер фестиваліне ұласты.

Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Бұл жарыс емес, керісінше жастардың бәрін бір сахнада қосып, бір сахнада өнер көрсетіп, орталарында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шара деп айтсақ болады. Сонымен  қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын жастардың шығармашылығы арқылы өздерінің тілдерінде осы жастарға жеткізу басты мақсатымыз.

Тоғыз оқу орны қатысқан кеш үш сағатқа созылды. Ең үздік шығармашылық ұжымға   қаржылай сертификат табысталды.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz