Қазақстанда қауіпсіз тұрмыстық газ баллондарды өндіру жұмысы жетілдіріледі. Оның сыртқы жабынын жасау кезінде тек сапалы материалдар қолданылады.
Олар тот басуға шыдамды бірнеше компоненттен болады. Сол арқылы қатты қысыммен жарылған сәтте сыртқы жабын қалдықтары шашырамайды. Осылайша, адам өміріне зияны азаяды. Газ баллондар Алматыдағы индустриалық аймақтағы кәсіпорында өндірілмек. Қазір арнайы цех салу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін зауытқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды. Министрліктің мәліметінше, соңғы 3 жылда елде тұрмыстық газ баллондарының 30 жарылысы тіркелді. 110 адам зардап шегіп, 27-сі көз жұмды.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Нарықта ұсыныс болмағандықтан халық та, бизнес те сол бұрынғы металлдан жасалған баллондарды сатып алуға мәжбүр болып тұр. Біздің ойымызша, бұл баллондарды адам өз еркімен алатын болады. Өйткені біріншіден - қауіпсіздік, екіншіден - маркировкасы болады. Бүкіл заманауи шешімдер болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #газ баллоны #қауіпсіздік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz