Алматыда Жеңіс күніне орай соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлігі ұлықталды. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты қайырымдылық акциясын Ұлттық орталық музейі ұйымдастырды.
Жиынның басты мақсаты - батырлардың ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау. Шара аясында музей ұжымы Медеу ауданындағы 35 ардагерді бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы құрлық әскерлері интитутының оркестрі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Нәзира Жексенбекова, ҚР Ұлттық орталық музейінің бөлім жетекшісі:
- Май, қант, сүт, ұн, күріш, ет бар, тауық бар, шұжық, сұйық май және тәтті тоқаштарымыз бар. 102, 103 жастағы үлкен ардагерлер жүре алмаған себептерінен, біз үйлеріне апарып береміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #ардагерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz