Арқада киік төлдей бастады. Түз тағысының құралайы осы мамыр айында аяқтанады. Қазіргі уақытта арқада, сосын батыс өңірдегі ақбөкендер де төлдеп жатыр.
Жалпы киік анау айтқандай айналдырған екі-үш күнде жаппай төлдей салмайды.Төлдеу кезеңі мамырдың басында басталып, айдың аяғына дейін созылуы мүмкін. Қазір климат өзгеріп, күн көзі ерте жылығандықтан киікте ерте төлдейді.
Мадияр Аймұрза, Киікті қолға үйрету ғылыми патентінің авторы:
- Киіктің төлдейтін уақыты мамырдың ортасынан бастап аяғына дейін. Қазақта құралай салқыны деген уақыт бар ғой. Құралай салқыны киік төлдеп болған соң басталады. Былтыр Батыс Қазақстанда киік төлдеу маусымы 1 мамырдан басталып кетті. Өйткені Қазақстанда киіктің үш популяциясы бар ғой. Бетпақдала популяциясы кішкене кейінірек төлдеді. Батыс популяциясы былтыр ерте төлдей бастады. Жалпы киіктің төлдеу маусымы бір апта, он күн ішінде ғана өтеді.
Елдегі киік саны кейінгі жылдары жылдары айтарлықтай артты. 2022-2023 жылдардағы санақ байынша ақбөкен саны 1 миллион 800 мың басты құраған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 2 миллион 800 мыңға жетті. Ал былтырғы есеп бойынша киік саны 4 миллионға жуықтаған. Биыл төлдеу науқаны аяқталған соң, сайын дала сұлуларының саны 5 миллионнан асуы мүмкін, - дейді мамандар. Ал Мадияр Аймұрза басқаратын шаруашылық біраз жылдан бері киікті қолға үйретіп, өсіріп жатыр.
Мадияр Аймұрза, Киікті қолға үйрету ғылыми патентінің авторы:
- 2023 жылдың желтоқсан айында үлкен киіктерді қамау әдісімен қолға үйренген киіктерге қосып өсіріп көрдік. Эксперимент жақсы өтті. Қазір бізде тәлім бағымызда 1500 киік бар. Тәлім бақтың аумағы 777 гектар. Биыл қолдағы киіктің төртінші төлдеуі. Ішінде үш бұлақтың көзі бар. Қолға жартылай еркіндікпен үйренді десе болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #киік #төлдеу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz