RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қосшы бағытына LRT желісінің алғашқы тірегі орнатылды

04.05.2026, 09:46 33

Астанада LRT жобасының екінші кезеңі аясында алғашқы тірекке бетон құйылып, темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды, деп хабарлайды «24KZ».

LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру шеңберінде алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

Қосшы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау жоспарланған.

Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz