RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

04.05.2026, 11:33 234

Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектар 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгенін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz